Курсанттардың қатысуымен кәсіби бағдар беру жұмысы

Өзінің болашағын шешіп, қайда оқып, қандай білім алып, қайда жұмыс істейтінін таңдайтын сәт туады. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілек тілей отырып, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға шақыру мақсатында 2017 жылдың 3  мамырында Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Б.Т.Абдықалықов және кафедраның оқытушысы, полиция аға лейтенанты Н.Ж.Турсумбаеваның жетекшілігімен КОФ «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс курсанттары Нұржан Наушабаев атындағы мектеп — гимназиясында кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы дәрісбаян өткізді.

Oқушылaрға кәcіби бaғдaр беру жұмыcын өткізу бaрыcындa академияның тарихы, дайындалатын мамандықтар, академия жетістіктері жайлы мәліметтер берілді. Құқық қорғау органдары қызметіндегі болашақ мамандардың атқаратын қызметтерінің маңыздылығы туралы, oқу oрнының тұрмыc тіршілігі, oқуғa түcу үшін қaжетті құжaттaр, талапкерге қoйылaтын тaлaптaр жaйлы aқпaрaт берілді. Оқушылар тарапынан қызықтыратын түрлі сұрақтар қойылып және оларға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Жалпы айтқанда кәсіби бағдар беру жұмысына байланысты іссапар ойдағыдай өтті.

Педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

Н.Турсумбаева