Сыбайлас жемқорлық — індет, жою міндет.  

Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,

Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,

Сонда ғана жер гүлденер,ел байып,

Сонда ғана шарықтаймыз,өсеміз.

Болашағы жарқын ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді биік қойып, барлық әлемге танылдық, Президентіміздің құрған саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге жайылып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық жағдайы түзеліп, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан өз орнын тапты. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – елбасымыздың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Осы мақсатта кураторлық жұмысы аясында 208 оқу тобымен «Сыбайлас жемқорлық — індет, жою міндет» атты тренинг сабағы өтті. Тренинг сабағымыз 2 сағатқа созылып, «Мен кіммін?», «Парақорлық эмблемасы, «Өмірлік құндылықтар»,  «Парақорға хат жолдау», «Алтын балық», «Біздің еліміз парақорлықтан таза» атты тақырыптарда тренинг жаттығулары өткізілді.

Тренинг өту барысында курсанттар өздерінің пікірлерімен, шығармашылық ойларымен қуана бөлісіп, тренинг жаттығуларына белсене қатысты. Жалпы айтқанда, тренинг жақсы деңгейде өтіп, алдына қойған мақсатқа жетті деп есептей отырып, мақаламды келесі жыр шумағымен аяқтағым келеді:

Егеменді өсер елде тұрам Мен,

Білдіремін сезімімді жыр-әнмен.

Заң жолымен жүрейік,

«Жемқорлыққа жол жоқ»-деген ұранмен.

208 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Н.Ж. Турсумбаева