Сүйінші  —  біздің жігіттер ерледі!

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, «Шабыт маусымының» алғашқы арнайы жобасы «Сарбаздар кубогы да» өтті. Бұл ойын ҚР Қарулы Күштері және Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын.

Осы «Шабыт маусымына» біздің ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы көңілді тапқырлар клубының бір топ жігіттері барып, қатысып қайтты.

Бір жақсы жері шеруге дайындық кезі болғасын ба, Қарулы күштеріміздің біраз генералдары төбе көрсеткені ойынның салмағын арттырғандай болды.

Жалпы ойын да жақсы өтті. Екі жыл қатарынан Алматыда болып, үшінші жылы Астанада өткізуге тәуекел еткен еді. Сәтті өткен секілді.
Осы жерде ойымызды айтқан бойда бірден қолдаған «Қазақстан» ҰТА-ға алғысымызды білдіргім келіп отыр.

Бұйырса, бұл ойынның эфирі 6-мамыр күні болатынын да айта кетейік.

Айтпақшы, сүйінші сұрап кетейін ойынға қазылық еткен Бақытбек Смағұл ағамыз ойын соңында Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісімен марапаттады. Атауының өзі үлкен жауапкершілікті артады екен.

Ойын қорытындысы төмендегідей болды:

Үшінші орын «Ішкі істер құрамасы» Қостанай қаласы

Екінші орын «Жұлдызды жігіттер» Алматы қаласы

Бірінші орын «Байланыс жастары» Алматы қаласы