Ұлы ұстаз – ағартушы Ы.Алтынсарин мұражайына саяхат

2017 жылғы сәуірдің 28– і күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 104, 211 және 212 оқу топтарының курсанттары полиция майоры Е. Акимжанов пен  полиция майоры С. Байгабулованың жетекшілігінде  Қостанай қаласы орталығында орналасқан ұлы ағартушы – педагог Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық  мұражайына барып, тамашалап қайтты.

Тұңғыш ұлттық мектебіміздің негізін қалаушы ұлы ұстаз әрі кемеңгер ағартушы атамыз  атындағы бұл мемориалды мұражай 1991 жылдың қазан айында  ашылған. Мұражай шығыс үлгісінде жасалынған әсем ғимарат болып, қаланың тарихи-сәулет өнері бөлігінде Ы.Алтынсарин ескерткіші мен 1884 жылы өзі негізін қалаған озат балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасты.

Мұражай ғимараты екі бөліктен құралған, біріншісінде Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің көшірме үлгісі, ал екіншісі киіз үй тәріздес екі қабатты күмбезді ғимарат. Бұл бөлігінде «Ы. Алтынсарин — ағартушы-педагог» және «Халық жазушысы М.Хакімжанованың шығармшылық зертханасы» атты заттар үлгісі мен фотоқұжаттар орналасқан, екі стационарлық көрме бар әрі мұнда әр түрлі шараларға байланысты экскурсиялар жиі өтіп тұрады.

Қазіргі кезде мұражай қорында 11 мың жәдігер сақталып, жылына 30000 адам осыларды көруге келеді. Мұражай жұмысы бірнеше бағытта жүргізеді: Мұражай қорын жабдықтау, есеп жүргізу, жәдігерлерді зерттеу, жабдықтау, тарихи-мәдени мұраны насихаттау Ы.Алтынсаринның, көрме және ғылыми – ағарту жұмысын зерттеу оның ізбасарлары мен өлкенің білім беру саласының педагогикалық мұрасын толық қайта жаңғырту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары  жүргізіледі.

Мұражайды аралап, тарихи жәдігерлерді тамашалап жүріп тура бір Ыбырай атамыздың заманына түсіп қалғандай ғажайып бір күй кешесің. Атамыздың пайдаланған бұйымдары, суреттері, кітаптары «Кел балалар оқылық!» деп тіл қатқандай болады. Мұражайдың қызығына батқан біз ұлы ұстазымыздың  өмірін қысқаша еске алдық:

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының — белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрған. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алған екен. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсаринге еркін пайдалануына рұқсат еткен.

Білімге құштар жас, бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылған жас Ыбырайдың, өмірлік кредосына айналды.

Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен  табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп талпынып, алған білімін өз халқының пайдасын  асыруға жұмсаған.

Міне осылайша біз тарихқа көз тастап, рухани қазына – байлықтарымызды толтырып, ойларымызды дамытып, психологиялық  тынығып, керемет саяхат жасап қайттық деп ағынан жарылды І курс курсанттары.

Аға оқытушы-әдіскер, куратор,

полиция майоры

Ерик Акимжанов

 

ПДО оқытушы-әдіскері, куратор, полиция майоры

Сауле Байгабулова