Вело-жүгіру

26.04.2017 жылы 151-ші атқыштар бригадасының құрметіне және Ұлы Жеңіске 72 жыл толуына байланысты Қостанай қаласында вело-жүгіруден мерекелік іс-шара өтті.Оған Қазақстан Республикасы Ішкі істр министрлігі Шырақбек Қабылбаев атыңдағы Қостанай академиясының бастығы, полиция полковнигі Қызылов Мирлан Ахмедияұлы және 2 курс курсанттары толықтай қатысты. Осы вело-жүгіру шарасына қатысып, Қостанай қаласы бойынша жүгіріп өтті. Бұл шараға қатыу біз үшін құрмет. ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атыңдағы Қостанай академиясының бастығы жеңіс саябағында сөз сөйлеп, сөз соңында ардагерлерге және де Қазақстан халқына әрқашан адал қызмет ететінімізді айтып, бас иді.Академия бастығы бас иген кезде жалпы академия құрамы бас иіп, құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды. Бұл мерекелік іс – шарада 2 курс курсанттары өздерінің алғыстарын білдірді.

Біз академия курсанттары бүгінгі мерекелік іс – шараға қатысқанымыз үшін өте қуаныштымыз. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай – «Тәртіпке бағынған құл болмайды». Біз білімді ала қоймай салауатты өмір салтын сақтаймыз. 2 курс курсанттары соғыс ардагерлеріне Жеңіс күнің сыйлағаны үшін шексіз алғыс білдіреді. Осы сәтті пайдалана отырып бүкіл Қазақстандықтармен Қостанай қаласының тұрғындарын алда келе жатқан Ұлы Жеңіс кунімен шын жүректен құттықтайды. «Отаны бірдін жүрегі бір». Батырларымыз болашақ ұрпақ үшін жаның құрбан етті. Сол себепті батыр ата – бабаларымыздың ерлігін ұмытпай жадымызда мәнгі сақтайық.

 

2-ші курс курсанты

Бексултан Советхан