Теория мен практика ажырамас!

2016-2017 оқу жылында практикалық қызметкерлерді сабақ өткізуге тартудың жалпыакадемиялық жоспарына сәйкес ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Исергепова А.К. келесі қызметкерлерді сабақ өткізуге тартты: Қарабалық аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет капитаны Мендыбаева А. және Өскемен қ.  пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Мусатаева К. Бұл қызметкерлер «Бас бостандығынан айыру түріндегі жазалаудан босатылған адамдарды пробациялық бақылауды құқықтық реттеу және іске асыру тәртібі» тақырыбына 306 оқу тобындағы практикалық сабаққа қатысты.

Сабақ барысында осы практикалық қызметкерлер курсанттарға пробация қызметінің жұмысы туралы жалпы айтып берді, пробация қызметінің есепте тұрған адамдарға бақылауды іске асыру бойынша полиция бөліністерімен өзара іс-әрекеттері туралы сұрақтар қозғалды. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты сұрақтар талқыланды.

Әңгімелесу барысында курсанттар белсенділік танытты, пробация қызметі қызметкерлерінің жұмысында туындайтын түрлі жағдайларға байланысты сұрақтар қойды. Пробация қызметі қызметкерлері курсанттарды оларда есепте тұрған тіркеуге қойылатын адамдар санымен, сондай-ақ қаладағы және аудандағы пробация қызметі қызметкерінің жалпы жүктемесімен таныстырды.

Бұл кездесудің «Пробация қызметін ұйымдастыру» пәнін оқитын курсанттар үшін де, пробация қызметі қатарындағы қызметкерлер үшін де қызықты болғаны сөзсіз.

ІІО-да ӘЖҰ кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны А. Исергепова

Теория и практика неразделимы!

Согласно общеакадемическому плану привлечения практических работников на 2016-2017 учебный год преподавателем кафедры организации социальной работы в органах внутренних дел капитаном полиции Исергеповой А.К. были привлечены следующие сотрудники: начальник Карабалыкского районного отдела службы пробации капитан юстиции Мендыбаева А. и старший инспектор отдела службы пробации г.Усть-Каменогорск капитан юстиции Мусатаева К., которые участвовали на практическом занятие по теме: «Правовое регулирование и порядок осуществления пробационного контроля за лицами освобожденные от наказания в виде лишения свободы» в 306 учебной группе.

В ходе занятия данные практические сотрудники рассказали курсантам о деятельности службы пробации в целом, были затронуты вопросы о взаимодействии службы пробации с подразделениями полиции по осуществлению контроля за поведением подучетных лиц. Вместе с тем, были обсуждены вопросы связанные с ресоциализацией осужденных, освободившихся из мест лишения свободы и оказания им социально — правовой помощи.

Во время беседы курсанты активно принимали участия, задавая вопросы связанные с различными ситуациями, возникающие у сотрудников службы пробации в их деятельности. Сотрудники службы пробации ознакомили курсантов с численностью подучетных лиц, состоящие на их учете, а также общую нагрузку сотрудника службы пробации в городе и районе.

Безусловно, данная встреча была интересна и познавательна как курсантам, изучающие дисциплину «Организация деятельности службы пробации», так и действующим сотрудникам службы пробации.

Преподаватель кафедры ОСР в ОВД

капитан полиции А. Исергепова