БАТЫР БАБАМЫЗ!

Бұл күндерді ұрпағы ұран қылған

Батыр болған, кезінде Сұлтан бабам,

Отан үшін пулеметті жауып өзі

Өшпестейін, ерлікпенен із қалдырған.

Қан майданның ортасында, қыран болған

Жауынгерге рух бітіріп, ұлан қылған,

Өзін емес өзгелерді ойлап әркез

Жалындаған жүректермен, бірге болған.

Ерлік жасап, ел ұмытпас мәңгілік

Ұрпақтарың, еске алады ән қылып,

Жау жүректі, батыр ұлдар қазақта

Жасай берсін, жасай берсін мәңгілік…

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанты Кәрібай Ерсұлтанның Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовқа арнап шығарған өлең шумақтарымен басталып, 2017 жылғы сәуір айының 22-24 күндері аралығында Қостанай қаласының ДСҚ «Динамо» спорт кешенінде самбо күресінен жасөспірімдер арасында дәстүрлі VI Республикалық турнир өткізілді.

Осындай дәстүрлі турнирге жыл сайын қолдау көрсетіп, өтуіне «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы», «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелері және  «Динамо» ДСҚ – ның  Қостанай облысындағы филиалы,  сондай – ақ  турнирге бас демеуші ретінде «ТЕМТЕ» ЖШС – нің директоры Хамит Сапабек Мағзымұлы және самбо күресінен ҚР спорт шебері, шеберлер арасында Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Бульдуруков Сабыржан Қалдыбекұлы ат салысты.

«Ер ерлігі ел есінде мәңгілік» демекші осынау өңірдің батыр ұланы атанған  147-ші атқыштар полкының пулеметшілер бөлімшесінің командирі,  жау пулеметінің амбразурасын кеудесімен жауып асқан ерліктің үлгісін көрсеткен Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов атамызды еске алуға Қазақстанның көптеген өңірінен командалар келіп, екі күнге созылған жарыста 14 командадан 123 спортшы бақ сынасты. Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Ақмола облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысының Қостанай ауданы, Қарасу ауданы, Әулиекөл ауданы, Қарабалық ауданы, Рудный қаласы және Қостанай қаласының БЖСМ-нің «Евразия» және «Арлан» спорт клубтары, ҚМУ-дың  «Сұңқар» спорт клубы, ДСҚ «Динамо» спорт клубтары турнирдің жоғары деңгейде  өтуіне үлес қосты.

Ашылу салтанатында «Қостанай қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» басшысы , самбо күресінен ХДСШ, әлемнің екі дүркін жеңімпазы Ермағанбетов Нұржан Бегайдарұлы және Қостанай облыстық кәсіподақ ардагері Иртаева Балбөпе Ғалымжанқызы жас спортшыларға өз ыстық лебіздерін білдіріп, алдағы жарыста сәттілік тіледі. Турнирдің бас төрешісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ЖжДД кафедра бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Өтенов Бағдат Каменұлы болды. Бас хатшы болып ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші Сарокин Иван Сергеевич қызмет атқарды.

Жарыс өте қызыққа толы өтіп, көрермендердің көзін жаулаған жас балуандардың сымбатты әдістері баршаның таңлайларын қақтырды. Балуандар оттай лаулап бірін – бірі жығып жатты. Бұл турнирге Қостанай қаласының атынан бірнеше жас балуандар қатысып, абыроймен намыстарын қорғады. Айта кетсек 42 келі салмақ дәрежесінде Калиханов Данияр және Джанай Аслан турнирдің 3 – ші орын иегерлері атанса,  55 келі салмақта Тлеугалиев Сұлтан күміс жүлде иегері атанды. Ал бұл жас балуандарға қазіргі уақытта Қостанай академиясының ЖжДД кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Кабидуллинов Ержан  бапкерлік етеді. Сонымен қатар қыздар арасында 52 келі салмақ дәрежесінде Сарокин Иван Сергеевич жаттықтыратын Атантаева Азиза жеңімпаз атанды.

Жарыс жоғары деңгейде өрбіп, «Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын» демекші елім деп өткен  батыр атамызды еске алу турнирі сәтті өткізілді. Жарыс жоғары деңгейде өтті, алдағы уақытта осындай жарысқа көршілес Ресей Федерациясы және ТМД елдерінен споршыларды шақырту жоспарымызда бар, — деген жүрек жарды сөздерімен жарыстың ұйымдастырушысы Кабидуллинов Ержан қорытынды жасады.

Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағанбетовты еске алуға арналған самбо күресінен дәстүрлі Республикалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері

 

42  келі

  1. Байғалиев Сырым (Атырау қ., бапкер Е. Төлеген)
  2. Үдреев Ерасыл (Атырау қ., бапкер Қ.Досқалиев)
  3. Калиханов Данияр (Қостанай қ., бапкер И. Сорокин)
  4. Джанай Аслан (Қостанай қ., бапкер Е.Кабидуллинов)

46  келі

  1. Муханбетов Бекзат (Ақтөбе облысы, бапкер С. Нургалиев)
  2. Аманқосов Әлішер (Атырау қ., бапкер Қ.Досқалиев)
  3. Бекжанов Бекзат (Қарасу ауданы, бапкер А.Малькей)
  4. Сальников Владислав (Қарасу ауданы, бапкер А.Малькей)

50  келі

  1. Қуандықов Қайырғали (Атырау қ., бапкер Қ.Табынбаев)
  2. Мурсин Даулет (Ақтөбе облысы, бапкер С. Нургалиев)
  3. Нұрғалы Нұрбол (Қарағанды қ., бапкер М.Мананбаев)
  4. Жұмақаев Марат (Семей қ., бапкер Б.Көшкінов)

55  келі

  1. Асқаров Ислам (Атырау қ., бапкер А.Табынбаев)
  2. Тлеугалиев Султан (Қостанай қ., бапкер Е.Кабидуллинов)
  3. Қайроллин Нұрым (Семей қ., бапкер Б.Көшкінов)
  4. Дарибаев Азамат (Ақтөбе облысы, бапкер С. Нургалиев)

60  келі

  1. Қазанғалиев Қуанышбек (Ақтөбе облысы, бапкер С. Нургалиев)
  2. Игнес Ердаулет («Сұңқар» с/к., бапкер Б.Аубакиров)
  3. Сәуірбай Есет (Атырау қ., бапкер А.Табынбаев)
  4. Жұмағазы Мұрагер (Ақтөбе облысы, бапкер С. Нургалиев)

66  келі

  1. Сапар Болат (Қарағанды қ., бапкер М.Мананбаев)
  2. Абдуалиев Бек (Ақтөбе облысы, бапкер С. Нургалиев)
  3. Нигматулин Қайрат (Көкшетау қ., бапкер С.Нигматулин)
  4. Қалибек Али («Сұңқар» с/к., бапкер Б.Аубакиров)

72  келі

  1. Молдажан Дәурен (Семей қ., бапкер Б.Көшкінов)
  2. Довбня Петр( «Евразия» с/к., бапкер Е.Мовчан)
  3. Аманжолұлы Алихан (Семей қ., бапкер Б.Көшкінов)
  4. Мұқайсынов Ильдар (Семей қ., бапкер Б.Көшкінов)

78 келі

  1. Кутовой Егор (Рудный қ., бапкер Б.Ибрашев)
  2. Есенғали Нұрмұхамет (Семей қ., бапкер Б.Көшкінов)
  3. Мекешов Құдайберген (Атырау қ., бапкер Б.Кушкаров)
  4. Қожықов Айбат (Атырау қ., бапкер Н.Ізбасаров)

84 келі

  1. Лим Александр (Қостанай қ., бапкер И. Сорокин)
  2. Волков Сергей (Қарасу ауданы, бапкер А.Малькей)
  3. Антонов Иван (Қарасу ауданы, бапкер А.Малькей)
  4. Қуанышев Ермек («Жекпе-жек» с/к., бапкер К.Хамитов)

+84 келі

  1. Қайдаров Сары (Семей қ., бапкер Б.Көшкінов)
  2. Агибаев Темирлан (Ақтөбе облысы, бапкер С. Нургалиев)
  3. Ирболсынов Алдияр («Сұңқар» с/к., бапкер Б.Аубакиров)
  4. Ншанбаев Акылбек (Атырау қ., бапкер Н.Ізбасаров)

52 келі (қыздар)

  1. Атантаева Азиза (Қостанай қ., бапкер И. Сорокин)
  2. Угзирова Ботагоз («Арлан» с/к , бапкера А.Ахметов)
  3. Алпысбаева Аружан(«Арлан» с/к , бапкера А.Ахметов)
  4. Торебаева Сабина («Арлан» с/к , бапкера А.Ахметов)