Бірлескен сабақ

2017 жылдың 22 сәуір күні 301 топ курсанттарымен  қылмыстық  іс жүргізу және криминалистика кафедрасының  оқытушысы полиция капитаны Ғалым А.М қатысуымен процесстік және есеп құжаттарды құрастыру бойынша практикум сабағында қылмыстық істің үлгісі алынып, талқылау жүргізілді. Жұмыс жүргізу барысында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің анықтау нысанындағы  188 бабы қарастырылып, курсанттардың қылмыстық іс жүргізу пәнінің білімі тексеріліп, қылмыстық процесске қатысты қандай тергеп тексеру әрекеттері жүргізілетіні туралы айтылды. Академияның ғылыми педагогикалық магистратураның  2 курс магистранті, кафедрада  тәжірибесін өтетін полиция капитаны Асатов А.М.  қылмыстық істің түскен сәтінен бастап не істеу керек екендігін, одан соң қандай жұмыстар жасалатындығын қарастырып көрсеткен болатын. Іске қатысты құжаттардың тізілімдемесінің өзекті мәселелері жоспарланып, жүзеге асырылды. Осы орайда курсанттардың білім деңгейі мен пәнге деген қызығушылығы байқалды. Қорытындылай келе құжаттардың тәжірибеде қалай қолданылатыны туралы үйретілді.

ҚІЖжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны А.М. Ғалым

 

Ғылымипедагогикалық магистратураның

2 курс тыңдаушысы

полиция капитаны  А.М.Асатов