EXPO – 2017 аясында сәндік — қолданбалы өнер көрмесінің ашылуы

2017 жылдың 18 сәуір күні Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының сурет галереясында EXPO – 2017 аясында сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің ашылуына Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 106 оқу тобы қатысты.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.

Сәндік-қолданбалы өнер халықтың көне қолөнер дәстүрлерін сақтап, байыта отырып, қазіргі мәдениетте жарқын көрініс тапты, тұрмыстың ажырамас және маңызды элементіне айналды.

Көрмеге қатысып отырған 14 қатысушы танымал суретшілер мен қолөнерші шеберлер — кілем тоқу, тері, ағаш, металл өңдеу техникаларында өздерінің шығармашылық жұмыстарын  ұсынып отырды.

Л. Игошиннің металдан өрнектеліп жасалған зергерлік бұйымдары таңқаларлық әдемі, олар филигрань техникасында орындалған.                           Б. Есмолдинаның кілем тоқудағы авторлық жұмыстары ұлттық нақышқа толы. Ағаш өңдеудегі дәстүрлі көркемдік әдістер М. Рахалиев, А. Шестаков, Т. Божақов пен В. Малярдың жұмыстарында көрсетілген. Жас суретші               А. Диханбаевтың туындылары  тері өңдеу дағдыларын шебер игергенін аңғартады. Н. Халифаева мен Д. Шалуновтың металл мен ағашқа шағын суреттер салуы өзіндік бірегейлігімен тартымды.

 Көрме қарапайым нәрселерден ғажайып туындыларды көруге жол ашады, ең бастысы, өзіндік  ынта-ықыласты тудырады.

Қазақтың қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән – мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынанөткен асыл қазынасы.

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының оқытушысы

106 оқу тобының кураторы

А.М.Ғалым