Бітіруші курсанттардың тәжірибеден өту барысын тексеру

2017 жылғы сәуір айының 17-22 аралығында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 80 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидалары» бұйрығына сәйкес, Ақтөбе және Орал қалаларында кәсіби практикадан өтіп жатқан 4 курс курсанттарының тәжірибеден өту барысы тексерілді.

Ақтөбе және Орал қалаларының Ішкі істер және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері кадр қызметкерлерінің қатысуымен, курсанттардың кәсіптік практикадан өту кунделіктерінің толтырылуын, материалдарды жинау, жұмыс дәптерлерін тексеру  жүргізілді.

Сонымен қатар, практика бағдарламасына сәйкес, курсанттар жергілікті білім беру мекемелерінде бітіруші сынып оқушыларын үгіттеу шараларына бағытталған кәсіптік бағдарлық жұмыс туралы курсанттардың атқарылған жұмыстарын тыңдалды.

Кездесу барысында курсанттар тәжірибе уақытындағы өздерінің атқарған жұмыстары мен кездескен қиындықтары туралы сөз қозғады және де оларға практика құжаттарын дұрыс толтыру мен қорғауға дайындау бойынша нұсқаулықтар берілді.

 Қылмыстық, қылмыстық- атқару

 құқығы және криминология кафедрасының

 оқытушысы полиция аға лейтенанты

 С.Жолдаскалиев