Тәуліктік наряд нұсқаулығы

Әр күн сайын Академиямызда тәуліктік наряд ауысып, өз міндеттерін атқарады. Тәуліктік нарядтың маңыздылығымен жауапкершілі өте жоғары. Сондықтанда әр курсант нарядқа немқұрайлы қарамауы тиіс. Олар нарядқа алдын-ала дайындалып қызметке кірісуге толығымен дайын болуы керек.

Әрине оларға дайындалуға арнайы уақыт бөлінеді. Осы уақыттың ішінде олар өз-өздері қалыпқа келтіріп, барлық керек құрал-жабдықпен заттарды дайындаулары қарастырылады.

     

Нарядтық таралымның алдында әрбір курстағы жауапты офицер тәуліктік нарядқа нұсқаулық жүргізеді. 1 курста тәуліктік нарядқа  нұсқаулық  жүргізу курс бастығының орынбасарлары үшін маңызды. Олар нұсқаулық кезінде курсанттарда кемшіліктер болмауын қадағалап, олардың тәуліктік наряд кезіндегі міндеттерін түсіндіріп, алдағы атқаратын істерін нақты жеткізеді.

2017 жылдың 19 сәуірінде 1 курс бастығының орынбасары полиция капитаны О.  Жанузаков ашық тәуліктік нарядтың нұсқаулығын өткізді. 1 курс курсанттарын әр қашанда нарядқа салмақты қарауға және нұсқаулыққа толығымен дайын келуді талап етті. Арнайы өткізген бұл нұсқаулықтан кейін полиция капитаны О. Жанузаков 1 курс курсанттарының алдағы кездері тәуліктік нарядқа деген жауапкершіліктері артат деген сенімде.

                                                                        1 курс курсанты Д.Әділдәбеков