Академиядағы СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС іс-шаралары

Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Еліміздің дамуына үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіпін болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көпшілік-мәдени іс-шарамен қатар дөңгелек үстелдер, конференциялар, акциялар түрінде жоспарланып, жүзеге асырылуда. Осындай ойды мақсат тұтқан іс-шаралардың бірі ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тәрбие жұмысы бөлімі ұйымдастырды. Іс – шараның талабы курсанттардың сыбайлас жемқорлықпен күрес, оның алдын алу шараларын өздерінің қалай ұғынатынын қағаз беттеріне түсіріп, бейнелеу болатын. Өткізілген байқауда КОФ 3 курс атынан ұсынылған плакат алғашқы орынды иеленді.        Плакатты 3 курс курсанттары Ш.Жаханша және Ә.Көпбосын бейнелеген болатын.

3 курс курсанты У.Маликова