«Мен білемін!» брейн-ринг

2017 жылдың 19 сәуір күні Академияның 1 дәріс залында кафедра апталығы аясында Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған «Мен білемін!» атты брейн-ринг мемлекеттік-құқықтық пәндер қафедрасының аға оқытушылары, полиция подполковнигі Г.М. Цой мен полиция майоры А.Б. Ақылбекова өткізді.

Мақсаты: адамның құқықтары мен бостандықтар, құқықтық нормалар, мемлекет институттар мен азаматтық қоғам туралы өздерінің ойларын толық жеткізуін біліп, құрметтеуін тәрбиелеу.

Брейн-ринг төрт тур арқылы өтті: 1-ші тур – Мемлекет және құқық теориясы бойынша «Білімдермен таңғалдыру» атты тур, 2-ші тур — Қазақстан Республикасының конституциялық құқығынан «Білімдерін тексеру» атты тур, 3-ші тур — Қазақстан Республикасының азаматтық құқығынан «Білімдерін көрсету» атты тур, 4-ші тур — әр турлі құқықтық салалар бойынша «Біз бәрін білеміз» атты тур.

Әділқазы алқасы: күндізгі оқу факультетінің аға оқытушы-методисті, полиция майоры А.Т. Дощанова, оқыту сапасының мониторингі және инновациялық технологияларды еңгізу бөлімшесінің инспекторы М.Б. Азирханова, 2-курс магистранты, полиция аға лейтенанты С.М. Есимова.

Брейн-ринг барысында курсанттар белсенді қатысып, өздерінің құқық саласында білімдерін жоғары дәрежеде көрсетті.

Әділқазы алқаларының қорытындысы бойынша 1 дәрежелі дипломымен 3 курс «Заңгер» командасы, 2-ші дәрежелі 2 курс «Фаворит» командасы, 3-ші дәрежелі дипломмен 2 курс «Заң және тәртіп» атты командасы марапатталды. Брейн-ринг сайысының «Ең белсенді қатысушысы»  2 курс курсанты Қ. Жолдыбай, «Ең үздік команда капитаны» 3 курс курсанты Т. Шемет грамоталарымен марапатталды.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы

полиция подполковнигі Г. Цой