Аруымыз сенімді ақтады

Сәуірдің 13 – 15-і аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің кезекті Қазақстан Республикасының IV-ші Жастар спорттық ойындары өткізілді. Бұл чемпионатқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1-курс курсанты Алимбаева Миргуль 48 келі салмақ дәрежесінде самбо күресінен қатысып, Академия және облыс намысын қорғады. ЖжДД кафедрасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бағдат Өтенов және аға оқытушысы полиция подполковнигі Руслан Таңқыбаев жаттықтыратын бұл аруымыз өзінің күшін тағы да көрсете білді.

Бұл чемпионатта да әдеттегідей қарсылас шақ келтірмей алдынан шыққанның алдын орап, артында шаң қаптыра қалдыра берді. Осы қарқынымен қарсыластарына қауқар танытпай ақтық сынға дейін жетіп, нәтижесінде азулы қарсыласына ұпай санымен есе жіберді. Дегенмен күміс жүлдегер атанып, 2017 жылғы қыркүйек айында Түркменстан елінің Ашхабад қаласында өтетін Азия ойындарына жолдама алды. Осылайша аруымыз Академиямыздың абыройын, намысын лайықты түрде қорғай білді.

Біз әрқашан да спортшыларымызға сенім артамыз, және де олар сенімімізді әрдайым ақтай біледі деген сенімдеміз. Қазақ спортының болашағы жарқын әрі жемісті болғай.