Күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттарының өндірістік тәжірибесі

2017 жылдың сәуір айында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы полиция полковнигі Дәурен Болатұлы Тойматаев Шығыс Қазақстан облысындағы күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттарымен өндірістік тәжірибені өтулерін тексерді. Кездесу барысында күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттарының өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы, оның мақсаты мен міндеттері; өндірістік тәжірибеден өту кезінде қызметтік тәртіпті сақтау туралы; болашақ жұмыста теория пен практиканы ұштастыра білу және өсіп келе жатқан ұрпақтар мен келесі ізбасарларға өнеге болатындай табан тіреп, үлестерін қосу жайлы әңгімелесті. Академия курсанттарымен белсенді кәсіптік бағдар бойынша жұмысты өндірістік тәжірибені өту орындарындағы орта мектептерде өткізу тақырыбы ерекше аталып өтті. Полиция полковнигі Тойматаев Дәурен Болатұлы өзінің насихатында күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттарына өндірістік тәжірибені сәтті өткізуді тілеп, Қорытынды мемлекеттік аттестацияға уақытылы келуді тапсырды.