Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы курсанттар арасында талқыланды.

2017 жылдың 18 сәуірінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны Б. Алпеисов 2 курс курсанттарына Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласымен таныстырды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ойтолғам. Президент өз мақаласында қазақ халқы, жалпы қоғамымыз қалай ілгерілеуі керек деген күрделі мәселелерді көтерді. Атап айту керек, бұл мақала зиялы қауым өкілдерін бей-жай қалдырған жоқ. Көтерілген мәселелерде еліміздің ертеңгі бағыт-бағдары айқындалған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мақаласының тарихи мәні саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бағдарламасын қазақстандық қоғамды және әр қазақстандықты рухани жаңғырту арқылы жалғастырады. Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сырты әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алады. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар шаралардан тұратыны өте маңызды. Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен бұл шаралар еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетініне сенімдіміз.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы