Қазіргі қоғамдағы полицияның рөлі

Қазақстан Полициясының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 1-3 курс курсанттары арасында «Қазіргі қоғамдағы полицияның рөлі» тақырыбына эссе байқауын өткізді.

Курсанттар өздерінің ойларын білдіруде өз білімдеріне сүйеніп, ұлы адамдардың цитаттарын пайдаланды, қағаз парақтарында патриотизм, міндет және абырой сезімдерін байқатты. Курсанттар нағыз полиция қызметкерін, офицерге тән жеке және кәсіби қасиеттерін өздерінің көруінше сипаттады. Сонымен қатар, азаматтардың тәртіп сақшыларымен өзара қарым-қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді қозғады. Халықтың сенімсіздік, күмәндік, сынаушылық мәселелерінің бүгінгі күнге дейін орын алып отырғандығы белгілі. Осыған байланысты, курсанттар өздерінің шығармашылық жұмысында құқыққорғау жүйесінің имиджін арттыру бойынша мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Осы орайда, азаматтарды құтқару барысында өздерінің өмірлерін қиып, батырлық көрсеткен полиция қызметкерлерін үлгі тұтуға шақырды.

Қорытынды шығару барысында қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Өйткені әрбір курсант өзінің жекелігін, креативтілігін және жұмысқа өзінің жеке көзқарасын білдірді. Дегенмен, байқау нәтижесінде 1 орынды 1 курс курсанты полиция қатарындағы Есламбек Айдын алды, 2 орынды 2 курс курсанты полиция қатарындағы Каламбаева Альбина иеленді, жүлдегерлер үштігіне 1 курс курсанты полиция кіші сержанты Исакова Валерия  кірді. Осы курсанттар мақтау қағаздарымен және сувенирлермен марапатталды.

113 және 114 оқу топтарының кураторы,

ІІО-да ӘЖҰ кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны Исергепова А.К.

Роль полиции в современном обществе

В преддверии празднования 25-летия казахстанской полиции кафедра организации социальной работы в органах внутренних дел провела конкурс эссе среди курсантов 1-3 курсов по специальности «Социальная работа» на тему: «Роль полиции в современном обществе».

Выражая мысли, курсанты опирались на свои знания, использовали цитаты великих людей, передали на лист бумаги чувство патриотизма, долга и чести. Курсанты описали свое видение настоящего сотрудника полиции, личные и профессиональные качества, которые должны быть присуще офицеру. Вместе с тем, были затронуты актуальные вопросы связанные с взаимоотношением граждан со стражами порядка. Безусловно, на сегодняшний день существуют такие проблемы как недоверие, сомнение и критика населения. В связи с этим, курсанты в своей творческой работе предлагали пути решения по улучшению имиджа правоохранительной системы в целом, приводили в пример сотрудников полиции, которые не пожалели своими жизнями совершая героические поступки по спасению граждан.

В ходе подведения итогов членам жюри было сложно определить победителей, так как каждый курсант проявил свою индивидуальность, креативность и личный подход к работе. Тем не менее,  по итогам конкурса 1 место занял курсант 1 курса рядовой полиции Есламбек Айдын, 2 место заняла курсант 2 курса рядовой полиции Каламбаева Альбина, замыкает тройку лидеров курсант 1 курса младший сержант полиции Исакова Валерия. Данные курсанты были награждены грамотами и сувенирами.

Куратор 213 и 214 учебных групп,

преподаватель кафедры ОСР в ОВД

капитан полиции Примкулова А.А.