«11 сәуір- Халықаралық фашистік концлагерь  тұтқындарын босату күні» атты кураторлық сағат өтті.

1945 жылғы сәуірдің 11-інде Бухенвальд концлагерінің құпия комитеті қарулы көтеріліс ұйымдастырып, тұтқындар азаттық алды. Сол кезден бастап барлық елде Халықаралық фашистік концлагерьлердегі тұтқындарды босату күні атап өтіледі.

Тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерь — бұл саяси, әлеуметтік, нәсілдік, діни және басқа да күдікпен қамалатын көпшілік орын. Тұтқындарды ұстайтын лагердің кең таралған жері Германия фашистігі болды. Бухенвальдте 18 ұлттан 56 мың адам көз жұмған. Оның ішінде19 мың адам — кеңестік әскери тұтқындар болды.

Бухенвальд лагерін жергілікті халық «өлім фабрикасы» деп айтатын. Адамдарға түрлі тәжірибелер жасау, небір сұмдықтың барлығы осы лагерьде жасалған. Іске жарамайтын ақсақ, ауыр жаралы жауынгерлер мен балаларды, әйелдерді бір бараққа қамап, улы газбен тұншықтырып өлтірген.

11 сәуір- Халықаралық фашистік концлагерь  тұтқындарын босату күніне орай 2017 жылдың 14 сәуір күні 210 оқу тобының кураторы, полиция аға лейтенанты Қ. Мырзахмет және 108 оқу тобының кураторы, полиция аға лейтенанты Д.Талгабекова кураторлық сағат өткізді. Осы іс-шараға Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі А.В. Видершпан шақырылды. Видершпан А.В. Академияның курсанттарына шағын дәрісін оқып шыққаннан кейін, курсанттарға «Дети войны» атты шағын деректі фильм көрсетілді.

Әлеуметтік-гуманитарлық

пәндер кафедрасының оқытушысы,

108 оқу тобының кураторы Д. Талгабекова