Ғылым күні

Отанымыздың өркендеуіне өз үлестерін естерін жүрген зиялы қауым саналатын оқымыстылар үшін елеулі деп білеміз. Елба- сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ғылым мен ел ғалымдарына ерекше назар аударған. Осыған орай 2017 жылдың 12 сәуір күні 1 дәріс залында ғылым күніне арналған кураторлармен пролиция майор  А. Ақылбековамен, полиция капитаны Б. Алпеисовпен және полиция аға лейтенанты А. Қаражанмен бірлесіп 301, 308, 309 оқу топтарында кураторлық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: курсанттарда ғылым туралы ойларын қалыптастыру мен танымдық қызметін дамыту.

Кураторлық сағат барысында курсанттарды «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 455 бұйрығымен таныстырылды.

Талқылау барысында курсанттар қызығушылықтарын танытып, өзекті мәселелерге сұрақ қойып белсенді қатысты.

301 оқу тобының кураторы

полиция майоры

А. Ақылбекова