ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ЕСІЛ ЕР

«Ешкім батыр болып тумайды.

Батырлықты мінез секілді өскен

орта, көрген тәрбиеге байланысты»

Бауыржан Момышұлы.

Санаулы ғұмырының 20 жылын жол айрығында көше тәртібіне арнаған Ғазиз Байтасов сын сағатта салқынқандылықты танытып, жанкештінің жолын кесіп, асқан қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Көзсіз батырлыққа бару әркімнің қолынан келе бермейтін іс, оған тек жүрегінде түгі бар қырандар ғана барады. Шешуші сәтте «жаным арымның садағасы» деген Ғазиздің ерлігі біз үшін қашанда үлгі. 3 сәуір халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың туған күні. Осы атаулы күнге орай Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 3 курс 301, 308, 309 оқу топтарында «Ел үшін туған есіл ер» тақырыбында кураторлық тәрбие сағаты өткізілді. Мұндай батырларымызды дәріптейтін тәрбие сағаттары курсанттарды құқықтық саналы және құқықтық мәдениетті қызметкер ретінде дайындап, ұлтшыл да патриотты ұрпақ дайындауға мол септігін тигізеді. Кураторлық сағаттар жұмысының жүйесінде курсанттарды патриоттылыққа тәрбиелеу басты рөлде болады. Патриоттылыққа тәрбиелеу дегеніміз Отанға деген сүйіспеншілік пен махаббаттың арқасында туындайтын жұмыс. Қазақтың басына біткен арыстарымыздың бірі Ахмет Байтұрсыновтың сөзі бойынша өскелең ұрпақты ұлтшылдыққа тәрбиелеу қажет, ал ұлтшыл ұрпақтан қасық қаны қалғанша адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыратын қаһармандар өсетініне сеніміміз мол.

308 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты А. Қаражан