КУРСАНТТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АКЦИЯСЫНДА БОЛЫП ҚАЙТТЫ

«Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп — қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көпшілік-мәдени іс-шарамен қатар дөңгелек үстелдер, конференциялар, акциялар түрінде жоспарланып, жүзеге асырылуда. Осындай мақсатта өткізілген акциялардың біріне ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 3 курс басшылығының бастауымен курсанттары қатысып қайтты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қмиыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Парасыз болашаққа бірге» атты ұранмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ құрды.

Жалпы іс-шара Қостанай облысының ҚҚ ГРИН Азаматтық Альянсы қатысуымен, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен жалпы қоғам өкілдері, мемлекеттік органдардың басшыларының, қалалық жоғарғы оқу орындарының студенттерінің қатысуымен «Мирас» қалалық мәдениет үйінде бодып өтті.

Жиналыста Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай , сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Бекітілген заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталғанын а тып өтті. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мәдениетін қалыптастыруда үлкен үлес қосқан азаматтарға нөлдік төзімділік қағидасын қалыптастыу тұлғаларға тікелей қатысуды қабылдайтын, осыларға мемлекеттік қызмешілер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдерін мадақтау грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар ресми бөлімде қонақтарды филармония әртістерімен дайындалған мерекелік концертпен жалғасты.

  3 курс курсанты У.Маликова