«Күш — білімде, білім — кітапта»

2017 жылғы 13 сәуір күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы КОФ 2 курс курсанттары арасында қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының курсанттар ғылыми-зерттеу жұмысының 2016-2017 оқу жылы жоспарына сәйкес, қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Г.Н. Кажикованың басшылық етуімен,  академияның ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1 курс магистранттары әділет майоры Қ.Қ. Жармухаметова, әділет капитаны Г.М.Скендирова және әділет аға лейтенанты М.М. Оразбаковтың ұйымдастыруымен «Қылмыстық-атқару құқығын білесің бе?» атты викторинасы өткізілді. Викторина  курсанттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару құқығы пәніне деген қызығушылығы мен ізденісін арттыру мақсатында ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар, кафедрада педагогикалық тәжірибеден өтіп жатқан  жоғарыда аталған магистранттардың әдістемелік-педагогикалық танымдарын, көзқарастарын  дамытып, одан әрі қызықтырып, дамытып отырады.

Ұйымдастырылған сайыс 3 кезеңнен тұрды: 1. «Тестілеу» кезеңі. Талап бойынша  командалар белгіленген уақыт аралығында тест сұрақтарына жауап берулері тиіс. Топ бірлесе отырып өздерінің топтасып жұмыс жүргізе алуларын көрсетеді. 2. Сұрақ-жауап кезеңі — Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару құқығы бойынша теориялық сипаттағы сұрақтарынан құрылды. Бұл жерде топтың шапшаңдығы ескерілді. Әрине, ең бірінші қол көтерген топ жауап береді, дегенмен жауаптарының дұрыстығы бағаланады.  3. Сөзтапқырлар — Қазақстан Республикасы қылмыстық – атқару құқығы бойынша бірнеше сұрақтардан сөзжұмбақ әзірленген болатын. Бұл кезеңде де сөзжұмбақ жауаптарын ең бірінші болып тапқан топты анықтап, дұрыс жауаптарына ұпай берілген болатын.

Әділқазылар алқасы барлық кезең ұпайларын санап, жеңімпаз топты іріктеп, викторинаның қорытындысы бойынша келесі орындарды анықтады:

1 орын — 208 оқу тобы «Барыс» командасы;

2 орын — 204 оқу тобы «Жеңіс» командасы;

3 орын — 201 оқу тобы «Қыран» командасы.

Әділқазылар алқасы жүлделі орын алғандарды құттықтап, дипломдармен марапаттады. Барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, білім алу үрдісіне сәттілік тіледі.

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны  Р. Калиярова