«EXPO әлемі» фотокөрмесі

2017 жылы маусым және қыркүйек айлары аралығында Елордасы Астана қаласында халқымыз ұзақ уақыт күткен EXPO-2017 «Болашақ-энергиясы» бағытына халықаралық көрмесі болатынын білеміз. Қазақстан бұл көрмеде табиғи өнімдер, зиянсыз энергия табу, жасыл болашақ атты ұранға сәйкес зерттеулерінің нәтижелерін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары EXPO-2017 «Болашақ-энергиясы» көрмесінің өтуіне белсенді қатысатын болады. Сондықтан EXPO-2017 «Болашақ-энергиясы көрмесіне қатысатын курсанттардың дайындығы аясында және академия курсанттарының EXPO-2017 «Болашақ-энергиясы» тарихымен таныстыру бағыты бойынша 1 курс 103 және 106 топ жетекшілері ҚПжК кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Е.Е. Кайнар мен ҚПжК кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А.М. Ғалымның шақыртуы бойынша  Қостанай қаласының Өлкетану мұражайының қызметкерлері арнайы келген болатын.

Өлкетану мұражайының қызметкерлері халықаралық EXPO-2017 «Болашақ-энергиясы» көрмелерінің әлемнің қай елдерінде ұйымдастырылып өткізілгені, олардың қандай бағытты жетілдіруге арналғандарымен таныстырып өтті. Академия курсанттарына Астанада болып өтетін EXPO-2017 «Болашақ-энергиясы» көрмесінің әлем жұртшылығына және табиғатқа әкелетін пайдасының маңыздылығын таныстырып, курсанттардың EXPO-2017 «Болашақ-энергиясы» тарихына шолу жасауы курсанттардың көңілдерінен шықты.

Курсанттар Астанада болып өтетін EXPO-2017 «Болашақ-энергиясы» халықаралық көрмесінің әлемнің дамыған елдерінің назарында болу себептерімен танысып шықты. Яғни, бұл іс-шараның әлемнің дамыған елдірінің табиғатқа зияны жоқ, тиімді және арзан қуат түрлерін алуға бағытталған өнімдердің түрлерін алу мүмкіншілігіне ие болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің есімі әлемге танымал екенін білеміз, себебі Елбасы тәуелсіздік алған кезінде бірінші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан елдердің бірі болып табылады. Бұл әрекетті әлемнің дамыған елдері хаһарман адамның іс-әрекетіне теңейді. Елбасының бұл шешімі әлемде соғыстың болмауына және табиғатқа зардабын тигізетін себептердің бірін жоюға бағытталғанын білеміз.

Қазақстан Республикасы Астана қаласында болып өтетін EXPO-2017 «Болашақ-энергиясы» халықаралық көрмесіде осы қағиданы сүйеніп отырғанын байқауға болады. Себебі 2017 жылы EXPO-2017 «Болашақ-энергиясы» халықаралық көрмесі «Жасыл қуат «Зеленая энергия» бағытына арналғаны белгілі.

106 топ жетекшісі:

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

А.М. Ғалым               

 

103 топ жетекшісі:

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Е.Е. Кайнар