«1 курс курсанттарының алғашқы арнаулы атақтарын алуға жақын»

1 курс курсанттарының кіші сержанттары үшін 2017 жылдың 12 сәуірі маңызды күн болды. Көптен күткен алғашқы кіші сержант атағын алуға аттестациялық комиссиясы  өткізіліп, аттестацияға қатысқан кіші сержанттар құрамы толығымен өтті.

Аттестацияға Академия бастығының көмекшісі полиция полковнигі К.Айткулов қатысты. Сонымен қатар топ кураторлары, кадр бөлімі және психология және педагогика кафедра қызметкерлері шақыртылды. Курс басшылғынан 1 курс бастығы полиция подполковнигі Ә. Тажмұханов және 1 курс бастығының орынбасары полиция майоры Т. Баймаганов болды. Аттестациядан өткен әрбір кіші сержант 1 курс бастығы полиция подполковнигі Ә. Тажмұхановпен таныстырылып, қысқаша мінездемемен  жеке ақпараттар берілді. Тәрбие мен оқу үлгерімі жағынан  топ кураторлары ойларын айтып,  ұсыныстарын жасады.

     

Аттестациялық комиссиядан сәтті өткен 1 курс кіші сержанттарының алдында енді үлкен міндет пен жауапкершілік тұрғаны анық. Кіші сержант атағын алып қана қоймай, олар өздеріне жүктелген міндетті абыройлы да, таза атқаруы тиіс. Қалай дегенімен де кіші сержанттар құрамы барлық курс курсанттарының арасында беделді және үлгі тұтарлық курсант ретінде бір қадам алда болуы керек.

Аттестация соңында 1 курс бастығы полиция подполковнигі кіші сержанттар құрамымен сөйлесіп, оларға алдағы күндерде олардың алдында тұрған міндеттерін жеткізіп, барлығына тапсырма берді.

                                                           Академияның курсанттар баспасөзі,

                                                                    1 курс курсанты Д.Әділдәбеков