Тәртіп сақшы курсанттар!

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына орындау жолында, 2017 жылдың 10-20 сәуір аралығында  қаланың қоғамдық тәртібін сақтау, құқық бұзушылықтарды алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Республикалық «Құқық тәртібі» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Осыған орай облыс орталығының аумағында құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс жеке құрамынан жеткілікті адам санында курсанттар бөлінді. Бекітілген қызметтерін орындауда курсанттарға Қостанай қалалық ІІБ кезекші учаскелік патрульдік полиция қызметкерлері бекітіліп, аталмыш іс-шара болашақ құқық қорғау қызметкерлеріне  тәжірбиелік біліктілігін арттыруда үлкен үлесін қосуда.

Жеке құрамға күнделікті нұсқаулықты курс басшылығы ғана емес,  Қостанай қаласы ІІБ аумағында да өткізіледі.

3 курс курсанты У. Маликова