Дүниежүзілік денсаулық күні Академияда аталып өтілді.

1946 жылы БҰҰның жанынан құрылған халықаралық  медицина-лық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген,негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулы- ғын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн 1948 жыл 7 сәуірі Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

Бірінші байлық – ден­сау­лық. Бірақ осы сөз­дің салмағын, жүк­тер жауап­кершілігін кө­бі­не сезбейтін де, мойын­да­май­тын да сыңайлымыз. Айтылған сәт­те көңілімізге қонады, құ­ла­ғымызға жағады. Сөйтіп, күн­дердің күнінде бір арыл­мас дертке шалдығып, са­ны­мызды соғамыз. Ден­сау­лық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы.

Дүние жүзілік денсаулық сақтау күніне орай 2017 жылдың 7 сәуір күні 107 оқу тобының кураторы, полиция подполковнигі Қ.Жұмабаев, 309 оқу тобының кураторы полиция капитаны  Б.Әлпеисов, 304 оқу тобының кураторы, полиция аға лейтенанты Н. Әбдібеков, 210 оқу тобының кураторы полиция аға лейтенанты Қ.Мырзахмет және 108 оқу тобының кураторы, полиция аға лейтенанты Д.Талғабекова кураторлық сағат өткізді. Осы іс-шараға Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының медициналық бөлім бастығы Ахметов Дәулетбай Көшмырзаұлы және тәрбие жұмысы бөлімінің психолог-инспекторы Абылхасенова Зарина Кабылбековна шақырылды. Олар Академияның курсанттарына «Депрессия!-кел сөйлесейік » тақырыбында курсанттарға дәріс оқыды.

Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралардың өткізілу мақсаты, адам өмірінде денсаулықтың өте маңызды екендігін курсанттар арасында ұғындыру. Қазіргі қоғамның негізгі мәселесіне айналған депрессия тек ғана адамның күнделікті өмірдегі көңіл күйіне ғана әсер етпейді сонымен қатар гипертония, жоғары қан кысымы инфаркт, инсульт т.б даму қаупі жас талғамайтындығы және оның зардабы жоғарлауда екені кездесу барысында қызу талқыға салынды.

Аталмыш іс-шара курсанттар мен қатысушылар үшін қызықты өтті.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты

Қ. Мырзахмет