Курсанттарды ақпараттандыру

2017 жылдың 4 сәуір күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс курсанттарымен 2011 жылғы 11 қазанындағы «Қазақстан Республикасының діни қызметтері туралы» Заңын түсіндіру мақсатында саяси мәлімдеме жүргізілді.

Курсанттарға ІІО қызметкерлерінің экстремизм және терроризммен жүйелі түрде күресуге шақырды. Экстремизм мен терроризм сияқты құбылыстарға қарсы әрекеттер дегеніміз – ғылыми сараптамаларды күшейту, лаңкестер мен содырларды қоғам тарапынан қолдаудан айыру, экстремизм мен терроризм көріністеріне деген төзімсіздік атмосфераны қалыптастыру, терроризмге қарсы әлемдік қауымдастықпен бірігіп күресуде өзіміздің ұлттық мүддемізді ұмытпау, жастарды гуманизм мен патриотизмнің зайырлы ұстанымдарында тәрбиелеу, ал бұл дін ұстану бостандығына мүлдем балама бола алмайды және әлеуметтік мемлекет құру, яғни біздің Конституциямызда жазылғандай және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев мейлінше көп айтқан әділетті әлеуметтік құрылым идеясын жүзеге асыру екенін курсанттарға жеткізіп, ақпараттандырды.

3 курс бастығының орынбасары
полиция аға лейтенанты Д.Т.Майшин

3 курс курсанты полиция қатарындағы У.Маликов