3 курс курсанттары саптық дайындық алаңында.


Жақында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 курс басшылығымен курстың жеке құрамымен саптық дайындық жұмысын өткізілді.
Саптық дайындық — әскери тәртіпке үйретіп, тәрбиелейтін басты маңызды іс щараның бірі. Ол курсанттарды саптық бойды түзетуге, ширақтыққа, ептілікке, тәртіптілікке, жеке саптық тәсілдерді, сонымен қатар бөлімше құрамында үйлесімді қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға үйретеді.

Өткізілген іс-шара курсанттардың взвод бойынша саптануын, әскери сәлемдесу, взвод командирлерінің баяндама жасауын, курсанттардың сыртқы бейнесі, яғни әскериленген киіну мен тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің тазалығы, жағалықтары мен аяқ киімдерінің тазалығына қарап тексеруді қамтыды.
Күндізгі оқыту факультетінің 3 курсының саптық дайындық іс-шаралары жоспарына сәйкес курсанттардың белгіленген түрдегі сыртқы киім үлгісі, қызметтік куәліктері және рұқсат қағаздарын тексерілді. Іс-шара соңында курсанттар Академия алаңында сап түзеп өтті.

3 курс бастығының орынбасары
полиция аға лейтенанты Н.Бақытқалиұлы

3 курс курсанты полиция қатарындағы У.Маликова