Практикалық қызметкермен кездесу туралы

2017 жылдың 31 наурыз айында кураторлық сағат барысында 2 курс магистранты әділет аға лейтенанты Ренова Д. және 214 оқу тобының кураторы полиция капитаны Примкулова А. тарапынан оқу орны түлектерінің кәсіби және коммуникативтік қасиеттеріне қойылатын талаптар туралы ақпарат беру мақсатында практикалық қызметкермен кездесу ұйымдастырылды.


Кездесуге практикалық қызметкер – Академияның Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушысы Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/9 мекемесінің сотталғандармен тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Киселёва Е.В. шақырылды.

Әңгіме барысында практикалық қызметкер қылмыстық-атқару жұйесі мекемелеріндегі жұмыстың ерекшеліктері туралы айтып берді, өзінің тәжірибесіндегі болған қызықтыратын мысалдарды келтірді, оқудың теориялық бағытына үлкен мән беріп, түсініп, нақты білім алуға назар аудару керектігін айтты, сонымен қатар ширақ қимылдау, жауапкершілік, белсінділік сияқты қасиеттерді осы кезден қалыптастыруды бастау керектігін ескертті, өзіндік білім алуға бейімділікті дамытудың өте маңызды екендігін айтты.
Кездесу конструктивті түрде өткізілді, курсанттар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Практикалық қызметкер мен курсанттардың осындай кездесулерінің оқуға және арнайы кәсіби пәндерге қызығушылығын арттыруға, білім сапасын жақсартуға үлкен әсер ететіндігінде күмән жоқ.

2 курс магистранты әділет аға лейтенанты Ренова Д.