Генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың жүлдесі

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата — бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Спортпен айналысқан адам өмірдің мәнін, ғұмырдың сәнін біледі. Өйткені «спорт тазалық кепілі» деген қанатты сөз бостан босқа айтылмаса керек. Осы бір сөзді Академияның басшылары, қызметкерлері және курсанттары күнделікті өмірлерінде басты назарда ұстайды.

Академия қабырғасында сенбі, жексенбі күндері әрдайым спорттың түр-түрінен жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Бұл шара Академияның дәстүріне айналған міндет десем, артық айтқандық болмас еді.

Ол жақында ғана Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде Қазақстан полициясының 25 жылдығын мерекелеуге орай, алғаш рет республикалық деңгейде ҚР құқық қорғау органдары ведомстволық оқу орындары арасында самбо күресінен және жауынгерлік самбодан генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевты еске алу кубогі өтті. Жарыс өте керемет жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен есте қалды.

Жарыс Академияның бастамасымен қолға алынып, Ішкі істер министрлігінің және Қостанай облыстық және қалалық спорт басқармасының, одан қалды, Қазақстан Республикасы «Самбо» күресі федерациясының және Қазақстан Республикасы «Динамо» ДСҚ қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанатында Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов тебіренте сөз сөйлеп, Шырақбек атамыз туралы естелік сөздер айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушы спортшылар біз бүгін Академияда Қазақстан Полициясының 25 жылдығы қарсаңында Генерал-лейненант Шырақбек Қабылбаевты еске алу І-ші кубогін ұйымдастырып отырмыз. Бұл жарыс болашақта ішкі істер органдарында қызмет ететін Сіздер секілді болашақ офицерлерге тигізер пайдасы зор. Өйткені қылмыскерлерді ұстау кезінде қайсар мінездеріңізбен қоса, спорттық машықтарыңызда қажет екенін жақсы білеміз. Сондықтан бүгінгі самбо және жауынгерлік самбо күресі осының айғақ дәлелі ретінде ұйымдастырылып отыр. Сіздерді бүгінгі жарыста қазақтан шыққан тұңғыш генерел-лейтенант Шырақбек Қабылбаев аталарыңыздың аруағы қолдап, жеңіске жете беріңіздер. Жалпы өткізіліп отырған жарыстың мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары стратегиялық даму бағдарламасын, 2020 жылға қарай стратегиялық мақсаттарды салауатты өмір салтын қалыптастыру идеологиясы негізінде жүзеге асыру және Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың ерлігін, еңбегін жас ұрпаққа дәріптеу, сондай-ақ Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру және отанға деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеуде самбо күресінің алатын орынын көрсету болатын — деді, Мирлан Ахмедияұлы.

 

Жарыстың өту аясында осы мақсаттың орындалғанын балуандардың бір-біріне дес бермей, әр команданың намысын қорғап, жақсы күрес көрсете білді.

Аталмыш жарысқа республикамыздың түкпір-түкпірінен атойлатып келген 12 команданың 100-ден астам спортшылары қатысты. Дәлірек айтсақ, 12 команданың өзі негізгі екі топқа бөлінді. Мәселен, бірінші топқа еліміздегі ҚР ІІМ-нің ведмостволық жоғары оқу орындарының курсанттары, ал екінші топта ҚР ІІМ оқу орталықтарының курсанттары қатысты. Әр салмақтан жарысқа түскен спорт қырандары боз кілем үстінде жан күйерлердің делебезесін қоздыратындай әдемі әдіс-тәсілдер көрсетіп, көрермендердің көңілінен шықты.

Әсіресе, 62 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Астана қаласы, оқу орталығының балуаны Архат Байдарбековтың жауынгерлік самбодан қарсыласына дес бермей, жеңіске жеткені барша көрмендерді қатты таң қалдырды. Төрешілерден әділ бағасын алып, жеңіске жетіп, өз саламығында жеңімпаз атанды. Архаттан басқа да спортшылар өте тамаша өнер көрсете білді. Тіпті Қостанай академиясының атынан шыққан 90-нан жоғары салмақ дәрежесінде бірінші курс курсанты Жан Сәбитті ерекше атап өтуге болады. Өйткені қарсыласының салған әдісіне қарсы өз әдісін қолданып, қарсыласының жауырынын жер қаптырып, күресті сүйсіне қарап отырған Академия басшыларын және төрде отырған құрметті қонақтарды риза қылып, спорт кешенін жанкүйерлердің шапалақтары бір шулатып тастады. Боз кілемде шеберлігін өте жақсы қолданған Жан бауырымыз жеңіске жетіп, 1-ші орынды иеленді. Дегенмен жарыста өздерін сылбыр ұстап, көрерменге қызық сыйлай алмаған балуандарда болып жатты.

Осындай кезде еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады, — деген қанатты сөздер еріксіз ойға оралып, кеудемізде намыс оты тұтанып тұрды. Осылайша жарыс өз жалғасын тауып, спортшылар өз деңгейлерінде әдемі күрес сыйлады.

Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, бүгінгі жарыстың өтуіне ат салысқан Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов Қазақстан Республикасы ІІМ полиция генерал-полковнигі, «Динамо» дене шынықтыру – спорт қоғамы орталық кеңесінің төрағасы Қ. Қасымовтың «Динамолық» қозғалысты дамытуға сіңірген еңбегі үшін орденімен марапатталды. Және де республикалық жарыстың өтуіне маңдай терін сіңірген академияның қос қызметкері полиция подполковнигі Бағдат Өтенов пен полиция подполковнигі Руслан Таңқыбаевқа «Динамо» ДСҚ қоғамдық бірлестігінің «Самбо күресін дамытуға қосқан үлесі үшін» грамотасы табысталды.

Жарыс соңында жеңімпаздарға естелік кубоктар беріліп, марапаттау громаталары табысталды.

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша жоғары оқу орындары арасында 1-ші орынды Қостанай академиясы, 2-ші орынды Алматы академиясы және екі 3-ші орынды Қарағанды академиясы мен ҚР Ұлттық Ұлан өзара бөлісті. Ал ІІМ оқу орталықтары арасында бірінші орынды Астана қаласының оқу орталығы, екінші орынды Шымкент қаласындағы Б. Момышұлы атындағы оқу орталығы, үшінші орынды Теміртау оқу орталығы мен Ақтөбе Институтының балуандары місе тұтты.

Ал жарыс салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздары төмендегі тізім бойынша оқырмандарға ұсынылып отыр.

Спорттық Самбо бойынша жеңімпаздары

52 келі (қыздар)

1. Кабдел Альфия (Алматы академиясы)

2. Алимбаева Меиргуль (Қостанай академиясы)

3. Дусимбаева Айгерим (Қарағанды академиясы)

3. Даулетова Дина (ҚР Ұлттық ұлан)

57 келі

1. Лозинский Ян (Қарағанды академиясы)

2. Сатыбалды Алмас (Алматы академиясы)

3. Пәттел Асылбек (ҚР Ұлттық Ұлан)

3. Айбек Жайлау (Қостанай академиясы)

62 келі

1. Берік Ерік (Алматы академиясы)

2. Құспанғалиев Данияр (ҚР Ұлттық Ұлан)

3. Нуралы Шыңғыс (Қостанай академиясы)

3. Гильмеденов Нуржан (Қостанай академиясы)

68 келі

1. Негматов Буняд (Қарағанды академиясы)

2. Шералы Елдос (Қостанай академиясы)

3. Бөлеген Ақансері (Қостанай академиясы)

3. Оразбек Ержан (ҚР Ұлттық Ұлан)

74 кг

1. Боев Исмоил (ҚР Ұлттық Ұлан).

2. Шакімбаев Аман (Қостанай академиясы)

3. Серікбай Бағлан (Алматы академиясы)

3. Шалқарбай Жалғас (Қостанай академиясы)

82 келі

1. Дәулет Дархан (ҚР Ұлттық Ұлан).

2. Оразымбет Бексултан (Қостанай академиясы)

3. Құрбан Нурбол (Қостанай академиясы)

3. Турсынов Бектас (Қарағанды академиясы)

90 келі

1. Ақжолов Шыңғыс (Алматы академиясы)

2. Ануаров Жолдасбек (Қостанай академиясы)

3. Өмірзақ Абылайхан (ҚР Ұлттық Ұлан).

3. Тураш Асыл (Қостанай академиясы)

+90 келі

1. Сабит Жан (Қостанай академиясы)

2. Кудірбек Болат (Қостанай академиясы)

3. Бекбай Бекұлан (Алматы академиясы)

3. Азамат Алтынбек (Қарағанды академиясы)

 

Жауынгерлік самбо бойынша жеңімпаздар:

62 келі

1. Ногербеков Орынбек (Қостанай академиясы)

2. Шалкаров Сакен (Алматы Академия)

3. Кумушбек уулу Темирлан (ҚР Ұлттық Ұлан)

3. Дюйсенбай Максат (Қостанай академиясы)

68 келі

1. Өндірбай Еркебулан (Қостанай академиясы)

2. Сардарбек Нурбол (Қостанай академиясы)

3. Балташ Нурболат (Қарағанды академиясы)

3. Егізбай Аманкелсін (ҚР Ұлттық Ұлан).

74 келі

1. Ермекулы Рустем (Қостанай академиясы)

2. Нурахметов Нурканат (Қарағанды академиясы)

3. Тастамбек Бекжігіт (ҚР Ұлттық Ұлан)

3. Курманалы Бекзат (Алматы академиясы)

 

Міне осылай бір күнге созылған жарыс өз мәресіне жетіп, жарыс жеңімпаздары абыроймен елдеріне қайтты.

 

Қостанай қаласы,

Қазақстан Республикасы ІІМ

Ш. Қабылбаев атындағы

Қостанай академиясының баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов

Фотоны түсірген С. Камалов