Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

2017 жылдың 31 наурызында Академияның КОФ 109, 207, 305 оқу топтарының жетекшілері полиция капитаны А. Қожахмет, полиция аға лейтенанты С. Жолдасқалиев, полиция майоры З. Сүйеубаева және полиция каптитаны М. Олексюктың ұйымдастыруымен мемлекеттік маңызды іс-шаралардың бірі «Жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп кеңесі кеңсесінің меңгерушісі Искендиров Асхат Батыржанұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекетіміздің қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлықпен күресі қаншалықты деңгейде екенін талқылап, курсанттарға жемқорлықтың мемлекетімізге келтірер зияны мен шығынын түсіндірді. Осы күнге дейін Асхат Бауыржанұлы Қостанай облысының басқа да жоғары оқу орындары мен мектеп оқушыларының арасында дәріс өткізіп, анонимді сауалнама қабылдап, өте ауқымды іс-шаралар өткізіп жатқанын айтып өтті. Әлемдік деңгейдегі сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алу іс-шараларының тәжірибесі, ғаламдық проблеманың түйінді мәселелері, мемлекет аумағындағы сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше тізімдемесі курсанттар назарына ұсынылды.

Әлем деңгейіндегі Транспаренси Интернешнлдің, яғни халықаралық айқындық мәліметтерін негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың жер жүзіне таратылу айырмашылықтары және қазіргі әлемдегі жемқорлықтың деңгейін зерттеу мақсатында әлем картасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты Академия курсанттарына түсіндірді. Курсанттар өз тараптарынан көкейтесті сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап ала алды.

ІІО-дарындағы сыбайлас жемқорлықтың қазіргі таңдағы дәрежесі мен деңгейі туралы қойған сауалдар қызықты да күрделі мәселелерді қозғады. Дәріс соңында Асхат Батыржанұлы келешекте осы мәселе бойынша Академия қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста болуға қарсы емес екенін және біздің оқу орнымызбен келесі өткізілетін іс-шараларын айтып өтті. Топ жетекшілері де бұл дәріске қарқынды атсалысып, өздерінің мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірнеше ойлары мен тәжірибелерін ұсынды. Бұл дәріс Академия курсанттарының, болашақ офицерлердің, ертеңгі ІІО қызметкерлерінің келешектегі өмірлік тәжірибесіне келтірер пайдасы көп болатыны айқын.

Шырақбек Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясының оқытушысы
полиция аға лейтенанты С.Жолдаскалиев