Тәжірбие мен оқудың мақсаты бір!

2017 жылы 30 наурыз күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 3 курсының 308 және 309 оқу топтары курсанттарымен кезектегі «ІІО жемқорлыққа қарсы қызмет» пәнін тәжірбиелік қызметкерлері Атырау қаласының УГ 157/11 әйелдер түзеу мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Ж.Т.Михайлова және БҚО РУ 170/3 түзеу мекемесінің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты М.Даулетовпен қызықты кездесу өтті. Кездесуде қызметкерлер өздерінің мамандықтарының тәжірбиелерімен ғана емес, сондай-ақ қызықты оқиғалары мен қыр-сырымен бөлісті. Курсанттарға таңдаған ортақ мамандығымызда ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және ол өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт екенін, өз ісіне сенімді, мамандығын дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жететінін, сондай-ақ, адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түсетінін, зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат екенін түсіндірді. Сөз Соңында Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн екенін және мамандық иесі болғанда қазіргі Академия беріп жатқан білім тәжірбиеде ұштасатынын ескертіп, жаңадан енгізіліп отырған нормативтік құқықтық актілердің жаңғыруларын оқып үйренуге шақырды.

Курсанттар кездесу барысында өздерін толғандырып жүрген қызықты сұрақтарын қойып, қанағаттандырарлықтай жауап алды. Осылайша сабақ барысы тез әрі қызықты өтті.

Қылмыстық, қылмыстық атқару

құқығы және криминология

кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты С.Жолдасқалиев