Наурыз мейрамына арналған «Тоғызқұмалақ -ұлттық ойыны » атты зияткерлік іс-шара

Қазақ халқының атадан балаға мирас болып келе жатқан төл мұраларының бірі – тоғызқұмалақ.

Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты – парызымыз. Өзін қазақпын деп санайтын әрбір азамат тоғызқұмалақ ойынының ережесін біліп қана қоймай, оны жұртшылыққа насихаттаулары тиіс. Олай болса, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, 306 оқу топ курсанттары ұлттық ойынымыздың өткені мен бүгіні және өзекті мәселелері туралы ой қозғап қана қоймай, теория мен практиканы ұштастырып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған мәдениет үлгілерінің бірі – тоғызқұмалақ ойынның маңыздылығын түсінді.

Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру.

Тоғызқұмалақ-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.

Ар-ұждан – бұл ойыншының басты ішкі адамгершілік қасиеті, оның айбыны, ізгі жаны және таза ары.

Аталмыш зияткерлік шараның өткізуінің басты мақсатқа жеттім деп ойлаймын, курсанттар тоғызқұмалақ ойынының ережелерімен танысып, қызығушылығын арттырып, ұлттық ойынымыз жайлы көптеген мәліметтер алды, терең ойды талап ететін тоғызқұмалақ ойыны арқылы курсанттардың ойлау қабілеттерін, біліктілік пен дағдыларын дамытып,  әділеттілік, адалдық, жігерлік қасиеттерін қалыптастырды, патриоттық сезімдерін жігерлендірді.

 

  306 топтың кураторы

   полиция майоры Л. Кинжебаева