ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕЛІК ІС-ШАРА

«Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысына ұстаған талай алып мемлекеттер болды. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан сол бабалардың заңды мұрагері. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болғанын білеміз. Ал бұл кез біздің халқымыздың бостандықтан айрылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді. Көк түріктер мен Алтын орданың айбарын айтпағанда Қазақ хандығы біздің елдігіміздің түп тамыры»

Нұрсұлтан Назарбаев.

Наурыз мерекесінің құрметіне орай демалыс күндері әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасымен 1-3 курс курсантарына «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің теленұсқасы көрсетілді.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» — Қазақ хандығының құрылуы туралы он сериялы фильм. Картинадағы оқиға XV ғасырдың ортасында болған, сол кезде Керей сұлтан мен Жәнібек, Әбілқайыр ханнан бөлініп, өздері жеке мемлекет құруды ұйғарады. Шайбани хан мен ойрат тайпаларынан бостандыққа кетуге ұмтылған екі сұлтан көп нәрсені құрбан етіп, жан-жаққа шашырап кеткен көшпенді тайпалардың басын біріктіруге біраз күш салады. Картинадағы барлық оқиғаны халық данасы Асан Қайғы баяндайды.

Ірі тарихи жобаның идеясы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Картина Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» шығармасының негізінде түсірілген. Шығарманы фильмнің сценарийіне бейімдеген Смағұл Елубай және Тимур Жақсылықов. Режиссеры Рүстем Әбдрашев.

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильміндегі негізгі рөлдерді Еркебұлан Дайыров, Аян Өтепбергенов, Қайрат Кемалов, Кәмшат Жолдыбаева, Іңкар Әбдраш және басқалар түсті.

Фильмнің соңында топтар арасында талқылау өткізілді.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы.