Кіші сержанттармен курс басшылығының  кездесуі

1 курс жеке құрамымен курс басшылығы тәрбие жөнінде жиі жиналыс өткізіп, талқылау жүргізеді. Осындай мақсатпен 1 курс басшылығы 27 наурыз күні кіші командирлермен кездесіп, курстың тәрбиелік жағдайын талқыға салды.   Курс бастығы полиция подполковнигі  Ә.Тажмұханов барлығына тапсырма беріп, берілген тапсырманың жедел орындалуын талап етті. Курс бастығы өз сөзінде  әрбір топ командирі өзінің жеке құрамымен жұмыс жасауы керек екендігін, және оларға барлық жағынан академия ережесімен жалпы ІІО қызметкерлерінің өз қызметтеріне сай болу керек  екендіктерін жеткізуін талап етті.

Осыдын бөлек алдағы ұлыстың ұлы мейрамы «Наурызды» өткізу жайында әңгіме қозғалды. Курс басшылығы әрбір топ, бөлімше командирлерінің пікірін тыңдап, әрбір ұсынысты тыйанақты қарастырды. Концерттік іс-шарамен қабырға газеттерінің дайындығын бастауды міндеттеді. Концерттік іс-шараға барлық топтардан екі номер берілуі керек екендігін ескерте кетті.

Кіші командирлермен кездесу курс басшылығы тарапынан жиі өткізіледі. Өйткені әрбір кездесуде болған кемшіліктер жойылып, алда сол кемшіліктердің болмауына курс басшылығы өте үлкен назар аударады. Кіші командирлерде курс басшылығы тарапынан қойылған тапсырмаларды жедел түрде жүргізеді.

                                                                    1 кур курсанты Д.Әділдәбеков