“Курсанттардың демалысы — оқудағы нәтиженің кепілі”

 2017 жылы 21 наурыз күні ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 2 курс 207 топ курсанттарымен кезекті сейілдемеге шығу ұйымдастырылды. Бұл шара топ жетекшісімен  курсанттар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, Қостанай қаласының тыныс — тіршілігімен жақынырақ танысу.

Курсанттардың өмірінің осы деңгейінде мәдениет олардың танымына біржақтылықтан айыра отырып ерекше әсер етеді, өзінің және қоршаған ортаның жоғары моральді және тұтас жетістіктерімен толықтырылады. Тепе-теңдікті бекітетін мәдениет жеке таптаурынды бұзады, әлеуметтік және адамгершілік жара болып табылатынды ашып көрсетеді. Мәденитеттің бір функциясы жағымсыз сезімдерді жоюды, сонымен қатар адамды тағдыр мен жеке тәжірибе құр қалдырғанды қалпына келтіруді өзіне енгізеді. Бір нәрсені жою және бір нәрсені қалпына келтіруге көмектесетін мәдениет адамның қоршаған ортамен тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі.

Мәдениеттің көмегімен курсанттар өз ішкі тәжірибесін шексіз кеңейтеді және барша адамзаттың тәжірибесіне қосылады. Мәдениет жеке тұлғаны көпшіліктің тәжірибесінде жоғалтпайды, керісінше, өзіндік қайталанбас менін табуға көмегін тигізеді.

Осыған орай, курсанттар Қазақ — Француз орталығындағы шетел мәдениетін насихаттайтын көрмені тамашалады.

Содан кейін “Қазақстан” кинотеатрында  “Логан” атты кинофильмді  тамашалап кино соңында — оздерінің әсерлерімен бөлісіп, тамаша көңіл — күй қалыптасқандығын  айтты.

Топ курсанттарымен орталық саябақта таза ауада демалып, саябақ аумағында орналасқан көрнекіліктермен танысып, жақсы көңіл — күймен тарқастық.

207 топ кураторы

полиция аға лейтенанты

С. Жолдаскалиев