Балалар үйіндегі «Наурыз мейрамы»

Наурыз айының 21 жұлдызында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 – курс курсанттары Наурыз мейрамына байланысты тәрбие жұмыс бөлімінің қолдаумен Қостанай облыстық балалар үйінде мерекелік концерттік бағдарламамен барып қайтты. Концерттің мақсаты тәрбиеленіп жатқан балалардың мерекелік көніл-күйін көтеріп, патриоттық әсер сыйлау болып табылады

Қостанай академиясының 3 курс басшылығының колдауымен курстын белсенді курсанттары, айта кетсек полиция қатарындағы А.Дүйсенбаева,Е. Кенжеғұл,М.Ешнияз өздерінің әсем әндерімен сахынаны әрлесе, полиция қатарындағы Н.Жұмабай домбырамен күй шертіп, сонымен қатар облыстың чемпиондары «Ішкі Істер құрамасы» көңілді тапқырлар клубы командасы өнер көрсетті

  Концерт соңында курсанттар ыстық қошеметке ие болып, әрі қарай тәрбиеленуші балалармен бірге дастархан басында әнгіме айтты.

Қостанай облысы балалар үйі қазақ тобының тәрбиешісі Айгул Әбілқазықызына ерекше алғысымызды білдіреміз.

  3 курс курсанты полиция қатарындағы Есенов Нұрым