“«Білгірлер сайысы» — білімнің қайысы.”

Наурыз айының 21 –і күні Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  2 – курс курсанттарының ұйымдастыруымен  «Білгірлер сайысы» өтті. Бұл сайысқа  201 – 203, 202 – 205, 204 – 208, 210 – шы оқу топтары қатысты.

Сайыс 3 кезеңнен тұрды.  1 – кезең логикалық сұрақтардан  құралып, қатысушыларға жеребе бойынша  бірқатар сұрақтар қойылып жатты. Бұл кезеңде 5 ұпай жинаған «Жалын» және «Алтын орда» тобы топ жарды. 2 – кезең Биатлон деп аталып,  жеребе бойынша « Алтын орда» бірінші бастады. Экранда көрсетілген ұйяшықтарды таңдап,  ішіндегі сұрақтарға жауап берді. Бұл турда «Жалын»  тобы 10 ұпаймен басым түсті. Келесі кезең топ капитандарының өзара сайысынан тұрды, яғни «ақыл жекпе – жегі». Бұл кезде топ капитандары  әр түрлі мақал – мәтелдер, жаңылтпаш және әндер айтып жарысты. Сондай – ақ, қосымша киіз үй және қыз қуу суреті бейнеленген портіретті құрастыру болды. Бұл кезеңде қос топтың командирлері  бірін – бірі жеңе алмады, тек қосымша мақал – мәтел сайысында «Жалын» тобының капитаны Мұхамметханов Бағнұр айқын жеңіске жетіп, «Жалын» тобын жеңіске жетелей білді. Ал екінші орынды «Алтын орда» тобы алса, 3 – ші орынды «Аристократтар» тобы місе тұтты.

Осылайша «Білгірлер сайысы» өте тартысты әрі қызықты өтіп, әр командаға ұйымдастырушылар тарапынан сыйақылар тапсырылды.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан