Төрлет — Наурыз жоғары!!!

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.

 

Міне қай мұсылман баласы болса да Наурыз мерекесін асыға күтеді. Бұл күні адамдар бір-біріне жақсылық жасап, дастархан басында бастарын қосып, атап өтеді.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұжымы да бір адамдай көтеріңкі көңілмен қарсы алды.

Әр факультет, қызметтер және бөлімдер әр ұлттың салт-дәстүрлерін насихаттап, ең дәмді деген астарынан дастархан көрмесін ұйымдастырды.

Сахна төріне салтантты мерекені ашу үшін Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, барша жеке және ауыспалы құрамды және мерекені көруге келген қонақтарды шын жүрегінен құттықтады.

  • Құрметті әріптестер, қонақтар және курсант мырзалар сіздерді бүгінгі айтулы мерекеміз Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймын. Отбастарыңыз аман, қызметте табыстан табысқа жете беріңіздер,- деді Мирлан Ахмедияұлы.

Ақ жарма тілектен кейін өткен аптада ұйымдастырылған «үздік аудармашы» сайысының жеңімпаздары Академия бастығының грамотасымен марапатталды. Одан кейін әр ұлттың өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, халықтың көңілін бір көтеріп тастады.

Міне Академия қабырғасында Наурыз мерекесі осылай өз деңгейінде аталып өтті.

Кадр бөлімінің инспекторы

полиция майоры Ләззат Нұралина