Келе жатқан Наурыз мейрамы құтты болсын!

2017 жылы наурыз айының 16-сында 1-курс курсанттары  Халықаралық Наурыз мейрамына қарсы, Рудный қаласының   Қарттар және мүгедекетерге арналған №1 интернатына  концерттік бағдарламасымен қонақта болды.

Курсанттар интернат  қызметкерлерімен және қарттармен жеке танысып, олармен бірге сұхбаттасып  және өмірлерімен танысты. Біздің курсанттар қарттарға арнап  арнайы концерттік бағдарлама дайындап келді. Көрермендерге арнап ұлттық би, әсем ән және өлең шумағы оқылды. Іс – шара  соңында қарттар мен мүгедектер концерттік бағдарламадан жақсы әсер алып және курсанттарға арнап өздерінің шын жүректен өмірлік нұсқауларын,  алғыстарын және болашақ жастардың назарынан тыс қалмағаны жайлы айтты.

Академия ұжымы интернат қызметкерлерін және қарттар мен мүгедектерді алдағы келе жатқан халықаралық Наурыз мейрамымен құттықтады. Қоштасу кезінде интернат қызметкерлерімен бірге курсанттар естелікке суретке түсіп, Академиямен алдағы уақытта достық қарым – қатынасқа тілектесті.

106 оқу тобының жетекшісі: Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының

оқытушысы, полиция капитаны

Ажар Маратқызы Ғалым