«ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНА 100-ЖЫЛ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ САБАҚ

2017 жылдың 17 наурызы күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында топ жетекшілері мен 3-курс оқу-саптық бөлімшесінің басшылығымен бірге «Ұлт-азаттық қозғалысына 100 жыл» атты танымдық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты:

— Алаш қозғалысы мен Алаш партиясы туралы курсанттарға -жалпы мәлімет бере отырып, осы саяси ұйымдардың мәні мен мақсаттарын түсіндіру.

— Алаш қозғалысы туралы курсанттардың бойына нақты пікір және жеке көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу, өз көзқарастарын білдіру, өз ойларын түйіндеп айта білу қабілеттерін дамыту.

— Алаш қозғалысының қайраткерлерін мысалға келтіре отырып ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, елін, ұлтын сүю және мақтана білуге жағдай жасау, ұлт көсемдерін құрметтеуге, өмірлерін, істерін үлгі ете білуге үйрету.

Ашық сабақ барысында «алаш» сөзіне түсінік берілді. «Алаш» — қазақ халқының балама атауы, қазақ сөзінің орнына қолданылатын көне ұғым.
1917 жылы Қазақстанда саяси партиялар құрылып жұмыстары жандана бастады. Солардың ішіндегі ең ауқымды да ірісі Алаш партиясы болды. Алаш партиясының алдына қойған негізгі мақсаты дербес, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін дамыту, Қазақ елін әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосу т.б.

Алаш партиясының қатарында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмүхамедов т.б. ұлттық зиялылар болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында жалпықазақ съезі өтіп, онда Алашорда үкіметі құрылады. Төрағасы болып Ө. Бөкейханов сайланды. Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің баспасөз органы «Қазақ» газеті болды. Алашорда үкіметі Семей қаласында орналасты. Алашорда үкіметінің бағдарламасында мемлекетті басқару, білім беру, құқық, дін мәселелері басты орын алады. Алашорда үкіметі Кеңестер тарапынан қуғындалып таратылады.

Сабақ барысы қызықты өтіп, курсанттардың белсенділігін танытты.

Алаштың 100 жылдығын  ел өміріндегі маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, жас ұрпақты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке тәрбиелеу жүрегінде қазақ сезімі бар тұлғалардың парызы.

Әсел Ақылбекова

301 оқу тобының жетекшісі

полиция майоры

Аслан Қаражан

308 оқу тобының жетекшісі

полиция аға лейтенанты

Асылбек Даушев

3-курс оқу-саптық бөлімшесінің орынбасары

полиция аға лейтенанты