Қостанай облысының жоғары оқу орындары және мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігі арасында серіктестік туралы меморандум

2017 жылдың 16 наурыз күні Қостанай мемлекеттік университетінің конференц-залында ҚР мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттігінің департаменті, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы  және Қостанай облысының жеті жергілікті жоғарғы оқу орындарының ректорлары қатысқан қызметтік және серіктестік қарым-қатынас туралы меморандум өтті.

Қол қою рәсіміне  профессорлық-оқытушылық құрам оқытушылары, курсанттар және студенттер қатысты.

Бұл келісімнің басты мақсаты қоғамның өркендеуіне кері әсерін алып келетін сыбайлас жемқаорлыққа қарсы күресті біріккен түрде жұмылдыра жеңу болып табылады.

Жиналыста білім алу-бұл мемлекет немесе білім алушы ақысын төлейтін қызмет, сол үшін профессорлық-оқытушылық құрам және білім алушылар  осы жағдайды түсіну қажет және мемлекет тарапына оқып жатқан білім алушы азаматтар сапалы білім алуға әрқашанда құқықтары бар деген пікірлер айтылды. Оқытушылар осы қызметті үшін қызмет ақы алып жатқандарын естен шығармаулары қажет және білім алушыларға осындай келеңсіз оқиға орын алған жағдайларда үндемей қалмауларына шақырамыз делінді. Себебі, сыбайлас жемқорлықты біріккен түрде жоймасақ, мемлекетіміздің дамуына іріткі салатын құбылыс екендігін айтты.

Келісімнің қорытындысы бойынша  сыбайлас жемқорлықты ұятты іс-әрекет ретінде санаға қалыптастырып, қылмыс ретінде таныту қажет деп тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығарды.

Департамент және жоғарғы оқу орындарының басшылығы меморандумды бірігіп өткізілетін нақты іс-шаралармен толықтыру туралы шешім қабылдады. Бұндай іс-шаралар қатарында түрлі акциялар, флешмлбтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жасау бойынша ұйымдар құру кіреді.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі,

3 курс курсанты Маликова У.