“Қан тапсыру”

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 16 наурыз күні академияның курсанттары қан тапсырды. Жалпы шамамен біздің 2 курстан 71 бала донор болды. Донор болған әрбір адам үшін пайдалы.

Бұл қанды, ауруға шалдыққан, қанға мұқтаж адамдарға құятының білген курсанттар қуана қан беруге келісті. Әрине бұл біз тапсырған қан өте көп те емес, себебі әлемде жыл сайын миллиардтаған адам мұқтаж болады. Донор болу оңай емес, донор үшін алдын ала қаң талдаулары өткізу, дәрігерлік тексеруден өту керек.

Менің ойымша қан тапсырудан асқан қайырымдылық жоқ. Егер біздің еліміздің де әр тұрғыны қаң тапсыруды өзіне азаматтық қарыз деп санаса, сан мындаған науқас ауруынан айығып, сан мыңдаған адам өз туысынан айырылмас еді.

Донорлық әрбір азамат үшін салауатты өмір сүру салтының, мейрімділік, қайырымдылық танытудың белгісі.

Ең бастысы, донор өмір мен өлім арасында жатқан науқасқа екінші өмір сыйлап, рухани өз – өзіне риза болады.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Советов Бексұлтан