Курсанттар «қан тапсыр – үміт сыйла!» науқанына жаппай қатысты

Бүгін 16 наурыз күні, Ұлы — Наурыз мерекесінің қарсаңында жаңалыққа, жақсылыққа жаны жақын жүретін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары өз еріктерімен Қостанай облыстық қан орталығына қан тапсырды.
Бұл әрине шамалы адамның қолынан келе бермейтін ұлы іске Академияның курсанттары өздері бастама көтеріп, ұсыныс жасаған.

Наурыз айы — жалпы жақсылық жасау айы деп, бекерден-бекер айтылмаса керек.
Аталмыш іс «қан тапсыр – үміт сыйла!» атты науқанмен іске асты. Әлемде қаншама жан бүгінгі қан тапсырып жатқан курсанттардың осы бір жақсылығына мұқтаж екенін баршамызда, жақсы білеміз.
Ұлы істі қолға алған жас курсанттардың жақсылығына Академия басшылығы да бей-жай қарамай, Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Қаппасов курсанттардың қал жағдайын біліп, жасап жатқан істеріне ризашылығын біліп қайтты.

-Рахмет курсант мырзалар! Сіздердің жасап жатқандарыңыз өздерің қатарлы жастарға ұмытылмас үлгі боларлығы сөзсіз. Сіздердің қайырымды істеріңіз, өлім ауызында жатқан адамдарды құтқарумен тең. Өйткені қан тапсыру ол сырқат адамға жаңа өмір сыйлау. Сондықтан істеріңізге сәттілік тілеймін деді, — Ербол Төлегенұлы.
Бізде қан тапсырып жатқан өрімдей жастардан қал жағдайын сұраған едік;

-Мен бүгінгі шараға бірінші рет қатысып отырмын. Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Әскери адам болған соң, біздің бірінші парызымыз, адамдардың құқығын және өмір қауіпсіздігін қорғау ғой. Сондықтан өз басым шамалы болса да өмірдің тәлкегіне ұшыраған менің қанымды асыға күтіп отырған жандарға өмір сыйлау еді. Міне бүгінгі жақсылығым іске асып, сәлде болса көмегім тисін деген тілекпен келдім. Иншалла сырқат жандардың еміне шипа берсін дегім келеді – дейді, қан тапсырушы бірінші курс курсанты Досжан Әділдәбеков.
Қан қабылдап жатқан Қан орталығының қызметкерлері қан тапсырушы барлық курсанттарға алғыстары шексіз екенін білдірді. Өйткені көптің арасында әлемде сирек кездесетін қан топтарының донорлары бар екенінде қуанышпен жеткізді. Ол донорларды бақылауға алып, болашақта тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындықтарында жасырмады.
Міне курсанттар бір күндерін «қан тапсыр-үміт сыйла» науқанына арнағандарына еш өкінбейтіндіктерінде қуанышпен жеткізді.

Академия баспасөз қызметі