Көктемгі су тасқынына дайындық!

Көктемгі уақыттағы табиғи өзгерістерге байланысты «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдай департаменті» ММ басшылығымен Қостанай қаласында алдын ала оқу жаттығу өтіп жатыр.

Осы жылдың 9 және 10 наурыз аралығында «Көктем-2017» атты Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті. Бұл оқу-жаттығуға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Төтенше жағдайлар мәселесіне тәлімгерлік ететін бірінші орынбасары Асқар Мамин және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жедел жоспарлау департаментінің бастығы полиция генерал-майоры К.С. Тыныбеков қатысты.

Бұл жаттығуда «Өрт сөндіру қызметі және апаттан-құтқару жұмысы бойынша» ММ, сауда және азық бойынша қызметі, медициналық қызметі, энергетика және ЖММ бойынша қызметі, иженерлік қызметі, жануарларды қорғау бойынша қызметі, жол және көпір бойынша қызметі, Ұлттық гвардияның әскери бөлімі, көліктік қызмет, сонымен қатар Академияның азаматтық қорғау кешендік командасы, төтенше жағдайлар бойынша ескерту және жою, апат аймағында қалған адамдарды іздестіру, эвакуациялау және уақытша аудандарға орналастыру бойынша бірлескен іс-әрекеттері орындалды.
Жаттығу барысында азаматтық қорғау кешендік командасының міндеті-апат аймағындағы тұрғындарды және олардың құнды заттарын эвакуациялау барысында тонауды болдырмау мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау.
Арнайы-тактика жаттығуының өткізілу сапасын республикалық және облыстық комиссия өкілдері бағалады.

Фото С. Камалов
ЖжҮБ және оқу-саптық бөлімше 1 курс басшылығы