Оқушылардың қарым- қатынас дағдыларын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.  

2017 жылдың 9 наурыз жұлдызында тәлімгерлік ететін оқу тобымен, тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспектор-психолог полиция капитаны Ж.М. Руденкомен  бірлесіп іс-шаралар өткізілді.

Ойын – бұл өмірлік  ситуациянын, оның ішінде адамның белгілі бір тәжірибе жинақтау процесі болып табылатын қарым – қатынастын үлгісі. Курсанттар достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады.

Өз мінез –құлқына басқа адамдар тарапына баға алу, өзін айналасындағылармен салыстыру және жағдайларда өз қарым – қатынасын түзету мүмкіндігі ойын жаттығуларының жағымды сәттері болып табылатындығы сөзсіз.

Осы ойын түрлері «не үшін қажет?» деген сұраққа атақты психологтер өз енбектерінде былай деп жауап береді:

1-ден, «ойын мінез –құлықтын ырықты дамуының алғашқы баспалдағы», — дейді психолог Д.Б. Эльконин;

2-ден, әйгілі психолог  А.Н. Леонтьевтің айтуы бойынша, ойын іс — әрекеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылады;

Әсіресе, оқу процесінде  ойынды тиімді қолданудың курсанттар даму үшін маңызы өте зор.

106 оқу  тобының кураторы

Қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны А. Ғалым