Тәні саудың, жаны сау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академияның спорт кешенінде өткен демалыс күндері 3 курс бастығының орынбасары Д.Майшиннің және жауынгерлік және дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Кругликтің ұйымдастырумен жарыс өткізілді. Жарысқа академиясының курсанттары курс бойынша құрама командаларға бөлініп қатысты. Төреші академияның қызметкері және үздік волейболшысы М.Қалқаманұлы болды және де ол қатысушы командаларға сәттілік тілеп, әділ қазылығын жасады. Команда ойыншылары бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа шыққан ойыншылар өз командалары үшін аянып қалмады.

Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып саналады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның қабілет қасиетін қалыптастыруға, жалпы денсаулығына өте жақсы әсер ететін спорттық ойын.

Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде 3 курстың қыздар құрама командасы 1-ші орынды иеленді. Баптары келіскен қыздардың бұл жарыста бақтары да жануына бір курста оқитын жанкүйерлері септігін тигізді. Ал 2-ші орынды 2 курстың қыздар құрама командасы алса, 3-ші орынға 1 курстың қыздар құрама командасы табан тіреді.

Тәні саудың, жаны сау демекші, дені сау ұлт қалыптастыруда спорттың маңызы зор. Академиямызда курсанттарды саламатты өмір салтын ұстануға шақыру, олардың бойындағы төзімділік пен табандылық қасиеттерін арттыру басты назарда.

Маликова Ұлбосын