8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне байланысты іс-шара

2017 жылдың 7 наурызы күні 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты кураторлық жұмыс аясында «Педагогика және психология мамандығы» бойынша оқып жатқан күндізгі оқыту факультетінің 1 курс қыз балаларын құттықтау шарасы өткізілді.

Шынайы тілеткер айтылып жігіттердің ұйымдастыруымен қызықты сайыстар өткізіліп отырыс жандана түсті. Отырыс соңында естелік сыйлықтар таратылды.

Барша әйелдер қауымын кім-кімді де әдемі әсерге бөлей келетін көктемнің жарқын да шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылықтарымызды білдіреміз!!!

 

111-112 оқу тобының кураторы

полиция майоры Б. Абдықалықов