Ш.Қабылбаевтың 109-жылдығы қарсаңында кураторлық сағат өткізілді

2017 жылы 9 наурызда полиция майоры М. Каршалов пен полиция майоры Е. Акимжанов патриоттық сезім мен кәсіби-танымдық тәрбие қалыптастыру мақсатында Ш.Қабылбаевтың 109-жылдығы қарсаңында 201 оқу тобының курсанттарымен кураторлық сағат өткіді.

Кураторлық сағат аясында «Ішкі қызмет генерал-лейтенанты Шырақбек Қабылбаевтың өмір тарихы» атты тақырыпта дәріс өткізілді, сонымен қатар генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың мұражайында танымдық көрме ұйымдастырылды.

Ш.Қабылбаев 1908 жылы 9 наурызда Семей губерниясы Қарқаралы уезды Абралы болысының № 3 ауылында туған (Қазақ КСР Семей облысы Абралы ауданының № 2 ауылы).

Көрме барысында курсанттар мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ішкі істерінің министрі, ішкі қызмет генерал-лейтенанты және Қазақ КСР ІІМ құрметті жұмыскері атанған Шырақбек Қабылбаевтың еңбек жолын естеріне түсірді. Ш.Қабылбаевтың қызметіне қатысты құжаттардың көшірмелері, отбасы мүшелерімен және КСРО қоғам қайраткерлерімен түскен фото суреттер ерекше қызығушылықты тудырды.

Ш. Қабылбаев ведомстволық жоғарғы оқу орнының құрылуына және құқық қорғау органдарына мамандар даярлауға баға жетпес еңбек қалдырды.

Айта кету керек, аталған іс-шаралар патриоттық және эстетикалық тәрбиелер қалыптастыруға ықпалын тигізеді, сонымен қатар өзінің оқу орнының тарихын білуге көмектеседі.

Марат Каршалов

201 оқу тобының кураторы

ӘжАТД кафедрасының оқытушысы

полиция майоры

 

Акимжанов Ерик

КОФ аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры

 

 

 

В канун 109-летия Ш.Кабылбаева проведен кураторский час

9 марта 2017 года майором полиции Каршаловым М.Б. и майором полиции Акимжановым Е.С. в целях формирования патриотического чувства и профессионально-нравственного воспитания в канун 109-летия Шракбека Кабылбаева с курсантами 201 учебной группы проведен кураторский час.

В рамках кураторского часа была проведена лекция на тему: «История жизни генерала-лейтенанта внутренней службы Шракбека Кабылбаева», а также организована экскурсия в музей генерал-лейтенанта Шракбека Кабылбаева.

Ш. Кабылбаев родился 9 марта 1908 года в ауле № 3 Абралинской волости Каркаралинского уезда Семипалатинской губернии (аул № 2 Абралинского района Семипалатинской области Казахской ССР).

Входе экскурсии курсанты вспомнили трудовой путь Шракбека Кабылбаева государственного и общественного деятеля, министра внутренних дел Казахской ССР, генерал – лейтенанта внутренней службы и заслуженного работника МВД Казахской ССР. Особый интерес вызвала наглядная информация, где отражены копии документов, касающихся деятельности Кабылбаева  Ш.К., фотографии в кругу членов семьи и видных деятелей СССР.

Ш. Кабылбаев внес неоценимый вклад в создание высшего ведомственного образования по подготовке кадров для правоохранительных органов.

Необходимо отметить, что подобные мероприятия способствуют формированию патриотического и эстетического воспитания, а также укреплению знаний истории своего учебного заведения.

Марат Каршалов

куратор  201 учебной группы

преподаватель кафедры ВиТСП

майор полиции

 

Акимжанов Ерик

старший преподаватель-методист ФОО

майор полиции