“Халықаралық ұлы мереке қарсаңында”

Наурыз айының 7 – і күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2 – курс басшылығы мен курсанттардың ұйымдастыруымен 8 – наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты мерекелік шағын концерт өтті.

Бұл концерт негізінен барша Қазақстандық ана – әжелерімізге, жалпы әйелдер қауымына және  2 – курс қыздарына арналды. Көптен асыға әрі қызу дайындықпен күткен, жүрек тебірентер бұл сәтке ұзақ  дайындық жүргіздік. Әуелі мерекелік концерт қара көздеріміздің залға кіруімен басталды. Дәрізде қаз – қатар тізілген курсанттар әр қыз балаға бір – бір шоқ гүлін сыйлады.

Бұрымдыларымыз мерекені ерекще сезінсін деп аяқтарының астына  дәрізге ұзына бойы қызыл кілем төсеп, АКТ залына дейін аяқтарын еденге тигізбей, алып келдік. Курс бастығы полиция майоры Кусеубаев А.Б бірқатар курсант қыз балаларды мерекеге орай марапаттап, алғыс жариялады. Сонан соң әр қаланың  ер жігіттерінің құттықтау видеороликтерін көрсетіп аруларымызды бір таң қалдырдық. Артынша әншілеріміз әндер айтса, бишілеріміз заманауи билерді биледі.

Концерт соңына қарай   әр  бір  аруларымызға сыйлықтар табыстап, көңілдеріне қуаныш сыйлағандай болдық.Осылайша бұл ұлы мерекені жоғары көңіл – күйде  сәтті қарсы алдық дегім келеді.

2 курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думан